«Қазақмыс» компаниясының кенішінде екі адам қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Фото: ufa.bezformata.com

«Қазақмыс» компаниясының Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде қайғылы оқиға болған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ.Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері өлімге алып келетін жарақаттар алды.

«Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», – делінген компанияның хабарламасында.

Айта кетейік, бір апта бұрын «Қазақмыс» компаниясының Жезқазған байыту фабрикасында машинист жұмыс кезінде жазатайым жағдайда қайтыс болған еді.