«Төрт ағайынды» қылмыстық тобының жетекшісі Еркін Ізбасар қайтыс болды

Qaz365.kz редакциясы

Ол бүгін таңда көз жұмған

Фото: diapazon.kz

«Төрт ағайынды» атанып кеткен қылмыстық топ жетекшілерінің бірі Еркін Ізбасар бүгін таңда көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

2018 жылы Еркін Ізбасарға ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік еткені үшін айып тағылып, сотталған болатын. Кейін Ақтөбеде мұнай ұрлады, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталған Еркін Ізбасарды апелляциялық сот 16 жылға бас бостандығынан айырды. Ол үш жылдан соң денсаулығына байланысты босап шықты.

Еркін Ізбасардың қазасы туралы ақпаратты замандастары растады. Ол бүгін таңда көз жұмған.