Маңғыстау облысының әкімі журналистердің сұрақтарына жауап берді
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Астанада өткен Болат Назарбаевтың асына неге бармағанын түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында журналистердің бірі оған «Сіз де Назарбаевпен үзеңгілес болдыңыз. Асқа шақырылдыңыз ба?» деп сұрады.
«Асқа шақырылған жоқпын», – деп жауап берді Нұрлан Ноғаев.
Еске сала кетейік, Астананың Бас мешітінде экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаев қайтыс болған інісі Болат Назарбаевтың құрметіне ас берген еді.