Желтоқсанда елімізде 2-5 жастағы балаларды қызылшаға қарсы егу басталады
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қызылшаға қарсы вакцина алуды күшейту керегін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Премьер-министр елде аурудың таралуын мүмкіндігінше тезірек тоқтату керектігін атап өтті.
«Қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулықтарына аса қауіп төндіреді. Сондықтан онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып күресуіміз қажет. Бала денсаулығы басты назарда болуға тиіс. Вакцина алудан басқа, мұндай қауіпті вируспен басқаша күресу мүмкін емес. Сондықтан екпе алуды күшейту қажет», – деді Смайылов Үкімет отырысында.
Ол Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер вакцина алудың қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керегін атап өтті.
«Барлық әкім вакциналау мәселесін жеке бақылауда ұстап, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмысты үйлестіруі қажет» – деді Премьер-министр.
Айта кетейік, желтоқсанда елімізде 2-5 жастағы балаларды қызылшаға қарсы егу басталады.