«50 Cent-тің концертіне жеңілдік»: Жалған билеттер сатқан 18 жастағы алматылық ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Ол онлайн әрекет еткен

Фото: Polisia.kz

Алматыда рэпер 50 Cent-тің концертіне жалған билеттер сатқан 18 жастағы алматылық ұсталды, хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция мәліметінше, алаяқтықты билет сататын компанияның ресми өкілінің атын жамылып, азаматтарды алдаған 18 жастағы Л. есімді азамат жүзеге асырған. Ол билеттерге тапсырыстарды Instagram арқылы қабылдап, онлайн әрекет еткен.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желіде ауқымды жарнамалау үшін SMM менеджерін жалдаған. Қалалық криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, күдікті ұсталды.

Қазір Алмалы аудандық полиция басқармасында алданған азаматтардың арызы негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

«Олардың кейбіріне жалған билет сатушы 50 центтің концертіне билеттерді «сатқан». Басқа ықтимал құрбандарды анықтауға бағытталған тергеу шаралары жалғасып жатыр», – делінген полиция хабарламасында.