Әлеуметтік желідегі рэпердің посты қазақстандықтардың наразылығын тудырды
Алматыда әлемдік тур аясында 50 cent деген есіммен танымал Кертис Джеймс Джексон III-нің концерті өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Алматы Аренада» аты аңызға айналған әртіс 50 Cent-тің концерті өтті. Көптеген қазақстандықтардың сүйікті әртісі жаңа тректерді де, 2000 жылдардағы аңызға айналған композицияларды да орындады. Концертке 12 мың көрермен келген.
50 cent келесідей танымал әндерді орындады: Candy Shop, Just A Lil Bit, In Da Club, feat. Justin Timberlake - Ayo Technology, P.I.M.P.
Концерттен кейін 50 cent қазақстандықтардың ашуын туғызған пост жариялады. Ол елді «Борат» фильмімен байланыстырды.
«Алматы (Қазақстан) жарқырады. Егер «Борат» фильмі болмаса, сіз менің не айтып тұрғанымды түсінбес едіңіз», – деп жазды 50 Cent.
Желі қолданушылары постқа келесідей пікір білдірді:
«Бораттың Қазақстанға қатысы жоқ», «Борат артық болды», «Дұрыс болып еді ғой...», «Концертке барған қазақтар... қорлану үшін ақша төледі».
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде рэпердің концертінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың көзге түскені айтылды.