Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жібереді
Қазақстан Палестинаға 38 тоннадан асатын гуманитарлық көмек жібереді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді», – деп жазылған Үкіметтің хабарламасында.
Бұл мәселе Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен үкіметтік комиссия отырысында талқыланды.
Гуманитарлық көмекке азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді. Жүктер жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі.
Қазақстанның қолдауы Газа секторындағы гуманитарлық апатты жағдайға байланысты Палестинаға көмек көрсетуге бағытталған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Палестина халқына 1 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.