Елімізде бұрын-соңды болмаған: Астанада «Хас шебер» фестивалі өтеді

Qaz365.kz редакциясы

Қолөнершілер туы КИнЭС рекордтар кітабына енгізіледі

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласының тұрғындары үшін 17-19 желтоқсан күндері «Хас шебер» фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен фестиваль Республика көшесі, 34 мекенжайында орналасқан «Жастар» сарайында сағат 9:00-ден 18:00-дейін өтеді.

Елімізде бұрын-соңды болмаған отандық өнімдердің белгісін білдіретін қолөнершілер туы да тігіледі.

Қолөнершілер туы КИнЭС рекордтар кітабына енгізілетіні де айтылады. 

Фестивальдің дресс-коды ұлттық киім боп таңдалған. Фестиваль барысында арнайы көрме-жәрмеңке ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеден түскен қаржының 10 пайызын қарттар үйіне жұмсау көзделген. Сонымен қатар қолөнершілер жұртшылыққа арнап мастер-класс өткізеді, сол сияқты қазақ халқының ұмыт болған салт-дәстүрлері және қызықты ойындар ұйымдастырылады.