Банк оны кепілмүлік ретінде жалға берген
Алматыда өрт шыққан хостел ғимараты «Халық банкке» тиесілі болған. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«30 м2 аумақ өртке оранды. Хостел бір жарым ай бұрын ашылған, ғимарат «Халық банкке» тиесілі, банк оны кепілмүлік ретінде жалға берген. Бұл хостел Алматы қаласы жоғары оқу орындарымен студенттердің тұруы үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған жоқ», – деп хабарлады әкімдікте.
Сондай-ақ әкімдік мәліметінше, студенттердің осы хостелде тұруына өтініш түскен жоқ, студенттерді хостелге орналастыру жұмысы жүргізілмеді.
Еске салайық, 30 қарашада шамамен таңғы сағат 5.33-те Әди Шәріпов көшесі, 86 мекенжайындағы «Almaty Hostel» хостелінің жертөлесінен өрт шықты. 13 адам көз жұмды. Тағы 59 адам эвакуацияланды.