Екінші рет ұлды болған Ерке Есмахан енді туған күнін тойлауға кірісті

Qaz365.kz редакциясы

Ерке Есмахан желіде жаңа пост жариялады

Фото: Instagram/erke_esmahan

Күні кеше перзентханадан шығып, үйіне оралған Ерке Есмахан енді өз туған күнін тойлап жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бөпемді енді тамақтандырайын деп отырғанымда бөлмеге кіріп келді құттықтап, жандарым. Осылай туған күнімді қарсы алдық», – дейді Ерке Есмахан.

Видеодан әншінің күйеуі, анасы, ата-енесі мен үлкен ұлы гүл шоғын ұстап кіріп, оны әндетіп құттықтап жатқанын байқауға болады.

Бұған дейін екінші рет ұлды болған әнші жағдайын айтып, оқырмандарына ұлының ерекше бөлмесін көрсеткен.

«Шүкір дегеннен басқа айтарым жоқ. Барлық тілекшілерге алғысым шексіз. Әр шаңырақта тек қуаныш болсын. Әкесінің ұлына деп өз қолымен жасаған бөлмесі. Ал бүгін түнгі 00:00-де кешікпей менің де туған күнім кеп қалады. Құттықтаулар қабылданады», – дейді ол.

Алғаш рет әке атанып жатқан күйеуі Raim қабырғаға бірдей ұсақ қонжықтарды іліп тастаған.  

Желі қолданушылары сүйікті әншісіне ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.