Ерке Есмахан мен Raim ұлына қандай есім бергені белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

Сәбидің есімі белгілі болды

Фото: іnstagram.com/raimusican

Ұлды болған жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен Raim баласына қандай есім бергені белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Раймбекұлы Ислам», – деп қысқа ғана ұлының есімін көпшілікке жария етті Raim.

Әнші баласына арнап ерекше бөлме жасады. Қабырғаға бірдей ұсақ қонжықтарды іліп тастаған.

Еске салайық, бұған дейін екінші рет ұлды болған Ерке Есмахан енді туған күнін тойлауға кіріскенін жазған едік.