Алматыда жезөкшелікпен айналысқан шетелдіктер ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Қонақүй кешенінде интимдік қызмет көрсететін шетелдіктер ұсталды
 

Фото: polisia.kz

Алматыда жезөкшелікпен айналысқан Өзбекстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция қызметкерлері интим қызмет көрсеткен қыздарды анықтаған.

«Қонақүй кешендерінің бірінде интим қызмет көрсететін әйелдер ұсталды. Олардың арасында Өзбекстанның екі азаматы бар. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдік әйелдер орналастырылды. Сонымен қатар ғимарат иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша материал жиналды», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Еске салайық, 20-30 қараша аралығында құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын күшейту және көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қалада кең ауқымды «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өткен болатын.