Хиджабтағы қыздардың бір-бірін тепкілеп жатқан видеосы тарады

Qaz365.kz редакциясы

Хиджабтағы қыздардың төбелесі

Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде хиджаб киген бірнеше қыздың төбелесіп жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видеоның қай жерде, қашан түсірілгені нақты белгісіз. Негізінен, хиджаб киген екі қыз бір қызға жабылып тиіседі. Тағы бірнешеуі қарап тұрады. Бірнеше рет ішінен теуіп, жатқызып ұрған сәтін байқауға болады. Қалғандары қарап тұр. Ішінде біреуінде ғана хиджаб жоқ. Қалғандары оранған.

«Дін деген ол ширма!», «Сұмдық, жабайы!»,  «Бұларға қатаң заң шығармаса, ертең басымызға шығады», «Ешқандай дін адам жақсылық жаршысы етпейді», «Ринаттың 80 пайызының дәлелі», «Бұл не деген масқара?! Жас қыздардың істейтіні осы болса, басқалары не істемейді?», «Сирияда алғы шепте жүретін болашақ сарбаздар» деген пікірлер жазылған.