Компанияға ішкі рейстер бағасын 2024 жылдың соңына дейін көтермеу міндеттелді
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен прокуратура органдарының Air Astana әуе компаниясына қатысты бірлесіп жүргізген тексеруі аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ведомство мәліметінше, тексеру қорытындысы бойынша «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен жанармай алымын негізсіз қолдануда көрсетілген үстем/монополиялық ережені теріс пайдаланғаны үшін 876 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Ұшақ билеттерін ұшу күні немесе таяу күндерде сатып алған кезде «Эйр Астана» жолаушылардың барлық санатынан 3500-ден 6500 теңгеге дейінгі мөлшерде жанармай алымын негізсіз алып, оны қолданудың мақсаты мен қағидатын іс жүзінде өз қалауынша реттегені анықталды», – делінген агенттік хабарламасында.
Айта кетсек, отын алымы тасымалдауға арналған тарифтің қолданылу кезеңінде авиаотынға жұмсалатын шығындардың өсуін өтеу мақсатында ғана алынуы мүмкін, оны есептеу кезінде бұл өсімді ескеру мүмкін болмаған.
«Эйр Астана» авиакомпаниясы мен Агенттік арасында ішкі бағыттар бойынша монополиялық/үстем бағыттардағы бағаны тежеуге бағытталған, атап айтқанда, төмендегі міндеттерді көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасалды:
Сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау агенттігі келесі жүйелі шараларға бастамашылық жасайды: