Ақтөбе облысында әскери қызметші әріптесін атып тастаған

Qaz365.kz редакциясы

Әскери қызметші әріптесін атып өлтірді

Фото: ашық дереккөздерден

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің «Қиялы» шекара заставасында әскери қызметші әріптесіне оқ атты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақтөбе гарнизонының әскери прокуратурасына сілтеме жасап.

Оқиға 2 желтоқсанда болған.

«Қиялы» шекара заставасында келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген әскери қызметші жанжал салдарынан әріптесіне оқ атқан. Оқты өзіне бекітілген қарудан атқан. Оқ тиген әскери қызметші жедел жәрдем қызметі келгенде қайтыс болды», – деп хабарлайды ведомствода.

Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті ұсталды.