Қазақстанда отбасылық сот құрылуы мүмкін

Qaz365.kz редакциясы

Елімізде отбасылық сот құрылады

Фото: ашық дереккөздерден

Қазақстанда отбасылық сот құрылуы мүмкін. Бұл туралы сенатор Нұрлан Бекназаров айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бала құқығын қорғайтын бірнеше заң бола тұра, кәмелетке толмағандар қорғала бермейді. Балаларға жасалатын қылмыстық іс те азаймай тұр.

Qazaqstan.tv жазуынша, күн сайын полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 300-ге жуық хабар түседі. Биылдың өзінде 4500 мың баланың құқығы тапталған.

Осыған байланысты ел аумағында «Отбасылық сот» пилоттық жобасы жүзеге асып жатыр.

Оң нәтиже берсе, елдегі – ювеналды, азаматтық және әкімшілік сот біріктіріледі.

«Ағымдағы жылы прокуратура органдары 900-ге жуық тексеру мен тиісті талдау жасады. Осы бағытта 2,5 мыңнан астам заңдылықты бұзу деректері анықталып, 1,5 мыңнан астам лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 1 млн 300 мың кәмелетке толмағанның құқықтары қорғалды», – деді ҚР Бас прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басшысының орынбасары Сәкен Самет.