Солтүстік Қазақстанда -42°-қа дейін аяз болады - синоптиктер

Qaz365.kz редакциясы

Елдің басым бөлігінде ауа температурасы күрт төмендейді

Фото: Media.publika.md

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 7-9 желтоқсан күндеріне арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, солтүстік-батыс суық антициклонның ықпалынан республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның шығысы мен оңтүстік облыстарында ғана жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Түнде ауа температурасы:

  • батыста 10-20 аязға дейін,
  • солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38 градус аязға дейін,
  • елдің қиыр солтүстігінде 42 градус аязға дейін,
  • республиканың орталығында және шығысында 28-33 аязға дейін,
  • Қазақстанның оңтүстік облыстарында 5-13 градусқа дейін нөлден төмен болады.

Республика бойынша тұман түсіп, елдің оңтүстік жартысында жел күшейеді.