Ол үйдің бюджеті әйелдің қолында болу керек деп санайды
Белгілі әзілкеш, қазіргі кезде теле және кинопродюсер болып жүрген Нұрлан Қоянбаев әйелінің үй шаруасына көмектесетінін жасырмады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Шаңсорғышты қолданбаймын. Үйде кішкентай бала бар, оянып кетеді. Кір жумаймын. Кейде түнде келген кезде ас үйдің есігін жауып қойып, ыдыс-аяқтарды жуамын», – дейді Нұрлан Қоянбаев.
Ол үйдің бюджеті әйелдің қолында болу керек деп санайды. Өйткені үйге жаратылатын ақшаға әйелдің ие болғаны дұрыс деп отыр.
«Жарайсыз, керемет жан екенсіз!», «Сауатты еркектер осылай талқылайды», «Нұрлан ағаны адам ретін сыйлап, жақсы көруші едім. Мынадан кейін тіпті құрметім артты», «Әйелі өзіне ұқсайды, жылы жүзді әйел, ұнайды. Бақытты болсын!», «Жарайсың, Нұрлан! Керемет ер-азамат!..», «Не деген керемет жауап!», «Нұрлан өте қу жігіт қой, өлетін жерін біледі» деген пікірлер бар.