LoveAika-ның адвокаты желіде тараған тізімге қатысты пікір білдірді

Qaz365.kz редакциясы

LoveAika-ның адвокаты желіде тараған тізімге қатысты жауап берді

Фото: ашық дереккөзден

Qumash телеграм-арнасы LoveAika компаниясының адвокаты Нұржан Советовпен байланысқа шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қорғаушысының сөзінше, Қазнет бойынша таратылған «Клиенттік база» құжатына да, оның тарауына да Айғанымның қатысы жоқ.

Сондай-ақ ол жария болған ақпардың артында құқық қорғау органдары тұруы мүмкін екенін айтты.

«Бұған дейін Айғанымға (LoveAika – ред.) қатысты фейк-толқулар болған. Қорғаушы өз клиентінің өмірі мен денсаулығы үшін қорқады (ол қазір тергеу изоляторында), себебі «бәлкім, тізімдегі адамдар оны жазалағысы келетін шығар», – дейді.

Еске салайық, әлеуметтік желіде жеңгетай әйел – Айканың қыздарынан эскорт қызметін жиі алып тұратын жігіттердің тізімі тарап кеткен болатын. Тізімдегі 300 адамның арасында облыс әкімінің бірінші орынбасары, сосын министрліктегі лауазымды тұлғалар мен әншілер бар.