Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов қызметінен кетеді

Qaz365.kz редакциясы

Нұрмағамбетов электр энергетикасы, ЖЭО, ЖЭК салаларына жетекшілік еткен

Фото: primeminister.kz

Энергетика министрлігі өкілдері вице-министр Жандос Нұрмағанбетов "ведомство басшылығымен арадағы жанжалға байланысты жұмыстан шығып жатыр" деген қауесетке пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрмағамбетов электр энергетикасы, ЖЭО, ЖЭК салаларына жетекшілік еткені белгілі.

"Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов 16 қарашадан 15 желтоқсанға дейін еңбек демалысында, кейін басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылады. Желіде таралған вице-министр мен ведомство басшылығы арасындағы жанжал туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", – делінген ведомство хабарламасында.