Министр тексеріс басталғанын айтты
Ішкі істер министрлігі эскорт қызметін ұйымдастырды деген күдікке ілінген Aika-ның сенсациялық тізімінің тарап кетуіне қатысты қызметтік тексеріс жүргізеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл тізімде Қазақстанның белгілі тұлғалары мен жұлдыздарының ЖСН, ұялы телефон нөмірлері, сондай-ақ эскорт қыздардың аты-жөні бар.
«Аталмыш факті бойынша қызметтік тергеу тағайындалды», – деді департамент басшысы Ержан Сәденов Мәжілісте тілшілерге берген сұхбатында.
Бұған дейін полиция жеке деректерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескерткен болатын. Ондай ақпараттар таратқандарға 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.