Ішкі істер министрі Алматыда екі полицейдің 14 жасар жасөспірімді зорлады деген күдікке ілінгенін растады

Qaz365.kz редакциясы

Тергеу амалдары жалғасып жатыр

almatydc.kz

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматыда жасөспірімді зорлады деген күдікпен ұсталған бұрынғы полицейлерге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатынан кейін тілшілер министрден Алматыда екі полицейдің 14 жастағы жасөспірімді зорлау дерегі туралы сұрады. «Күдіктілер ұсталды ма?» – деп сұрады журналистер.

Өз кезегінде Е. Сәденов мұндай факті шынымен де болғанын растады. Бұл оқиғаға қатысты шұғыл түрде қызметтік тексеріс жасалып, тәртіптік комиссияның отырысы өткен.

Осы ретте министр аталған қызметкерлер ішкі істер органдарынан шығарылғанын нақтылады.

«Қылмыстық іс бойынша олар қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр», – деді министр.