Қостанайда жарылыс орнынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат жалған – ТЖД

Qaz365.kz редакциясы

ТЖД бұған дейін берген ақпаратын түзеді

Видеодан скриншоттар

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті ғимараттағы жарылыс кезінде бір адамның денесі табылғаны туралы ақпараттың қате берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұған дейін хабарланғандай, оқиға орнынан ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат қате берілген. Ер адам құтқарылып, медициналық мекемеге жатқызылды», – делінген ТЖД хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнынан барлығы 11 адам ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі кезде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. ТЖД қызметкерлері қатты аяз бен үйінді ауқымының көптігі жұмысты қиындатып жатқанын мәлімдеді.  

Еске салайық, бұған дейін Қостанайда жүк автомобильдерін жөндеуге арналған бір қабатты ғимарат жарылып, 7 адам үйінді астында қалғаны хабарланды.