Аязда қалған 59 адам құтқарылды – ТЖМ

Qaz365.kz редакциясы

Өткен аптада елде 315 төтенше жағдай болды

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Өткен тәулікте Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері 266 рет құтқаруға шығып, 59 адамды құтқарды. 12 бала, 4 ересек адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Көкшетау қаласында бірден екі өрт сөндірілді. Бірінші өрт 20 шаршы метрлік металл контейнерде, екіншісі 3 шаршы метрлік тұрғын үйде болды.

Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ мәліметінше, өткен аптада елде 315 төтенше жағдай болды. 6 табиғи сипаттағы, 309 техногендік сипаттағы жағдай тіркелді.