«Бортты дайындамаған»: Астанада ұшақ -30 градустық аязда қатып қалды

Qaz365.kz редакциясы

Елордада аязда қатып қалды

instagram.com / umarovnews.kz

12 желтоқсанда Астана-Ақтөбе бағыты бойынша QAZAQ AIR әуе компаниясының IQ 399 рейсі Астана қаласындағы қолайсыз ауа-райына байланысты (өте төмен температура) кешіктірілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеодан ұшақ жолаушыларының салонда курткамен мұздап отырғанын көруге болады. Ролик авторы «бортты дайындамаған, қыздырмаған, олар ұшуды 40 минут күтіп отыр» деп атап өтті.

Әуе компаниясы аталған жайтқа байланысты жауап берді.

«Қозғалтқыштағы майдың тұтқырлығы жоғары болғандықтан, іске қосу турбинасы қажетті қарқын ала алмады, сондықтан қозғалтқыш іске қосылмады. Мұндай жағдайларда әуежай әмбебап мотор жылытқышын ұсынады. Астана әуежайында қажетті техниканың жетіспеуіне байланысты ұшақтың қозғалтқышын іске қосу үшін ұзақ уақыт қажет болды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз», – деп хабарлады әуе компаниясы.