"Базарная баба": Түркістан облысында әкімдік қызметкері кәсіпкерді балағаттап, артынан қол көтерген

Qaz365.kz редакциясы

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды мемлекеттік қызметкерді тез арада қызметінен босатуды тапсырды

aikyn.kz

Түркістан облысының мемлекеттік қызметкері жеке балабақшаның басшысын балағаттап, қол көтерген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Базарная баба, бл..” деп айтты. “Мені неге боқтайсыз?” деп видеоға түсіріп алдым. Кеше видеоға түсіргенім үшін мені ұрды”, – дейді жәбірленуші.

Түркістан облысының аппарат басшысы оқиғаның болғанын растап, тексеріс жүріп жатқанын айтты. Кәсіпкерге қол көтерген ішкі аудит қызметкері болып шықты.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды мемлекеттік қызметкерді тез арада қызметінен босатуды тапсырды.