Қаңтарда қазақстандықтар неше күн демалады

Qaz365.kz редакциясы

Келесі айда қазақстандықтар неше күн демалады

Фото: aikyn.kz

2024 жылдың алғашқы айында қазақстандықтар неше күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңа жылға қазақстандықтар 1 және 2 қаңтарда демалып, 3 қаңтарда жұмысқа шығады.

Рождество күні (7 қаңтар) 2024 жылы жексенбіге сәйкес келеді, яғни қосымша демалыс күні болмайды.

Айта кетейік, қаңтар айында қазақстандықтар 10 күн демалып, 21 күн жұмыс істейді.