Ол құрылтайшылар арасында Әлия Назарбаеваның жоқ екенін айтты
Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваның бір кездері «Инстант Пейментс» деген компания құрып, «Қазақстан темір жолы» мен «Қазақтелекомға» делдалдық көрсетіп, пайызын алып отырғаны туралы ақпарат тараған еді. Осыған қатысты Үкімет отырысынан кейін өтіп жатқан баспасөз конференциясында Көлік министрі Марат Қарабаев жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz .
«Электронды билет сатып алуға келсек, келісімшартты тараптардың көңілінен шықпаса, кез келген уақытта бұзуға болады. Бірақ ақыр соңында қызмет алушылар зардап шегеді. Сондықтан бұл жүйені қолдауды бәсекелестік негізге көшіру мәселесі талқыланды. Басқа тұлғаларға беру үшін конкурс бар. 1 желтоқсан – қарашаның ортасындағы жағдай бойынша ҚТЖ төрағасы конкурстық рәсімдер аяқталғанын және құрылтайшылардың құрамы өзгеретінін айтты. Бұл кезең өтті және құрылтай құрамы басқа деп есептеймін. Сіз атап өткен адамның бұл компанияның құрылтайшысы емес екенін растаймын», – деді Марат Қарабаев.
Ол құрылтайшылар арасында Әлия Назарбаеваның жоқ екеніне сендірді.
Айта кетейік, бұған дейін Әлия Назарбаеваның «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пен «Қазақтелеком» АҚ-қа делдалдық қызмет көрсететін «Instant Payments» деп аталатын компаниясын құрғаны белгілі болған еді. Бұл мекеме пойыздарға билеттерді онлайн сату және ұлттық байланыс операторының төлемдерін қабылдау жүйелеріне қызмет көрсетумен айналысып келген.