Қазақстандық әнші бортсерікке шабуыл жасап, рейстен қуылды

Qaz365.kz редакциясы

Келеңсіз жайттың кесірінен рейс 1 сағатқа кешіктірілген

funnyart.club / otyrar.kz

Қазақстандық танымал жұлдыз, әнші бортсерікке шабуыл жасап, маңдайынан ұрған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

FlyArystan әуе компаниясында 18 желтоқсанда ұшақта орын алған келеңсіз жайт туралы мәлімдеді.

Компания мәліметінше, аталған келеңсіз жайттың себебінен рейс 1 сағатқа кешіктірілген. Алайда әуе компания әртістің аты-жөнін жариялаған жоқ.

Оқиға әуе компаниясының қызметкерлеріне қатысты физикалық күш қолдану ретінде тіркелген. Жолаушы полицияға тапсырылып, оған 440-бап бойынша айып тағылды. Бортсерік қосымша тергеу үшін сот-медициналық сараптамадан өтті.

«Жолаушы өзінің сыртқы киімінің багаж сөрелерінде мыжылғанына наразылық білдірді, содан кейін бортсерік жолаушының сыртқы киімін қол жүгінің үстіне қоюға көмектесу үшін сөреден алып кеткен, бірақ жолаушы өз күртесін тартып алған және бортсеріктің маңдайынан ұрған. Салдарынан қызметкер физикалық және психоэмоционалдық зардап шегіп, рейс 1 сағатқа кешіктірілді», – делінген хабарламада.