Атырау облысында құны 174 млн теңге болатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Qaz365.kz редакциясы

Жер учаскесі ұзақ уақыт мақсаты бойынша пайдаланылмаған

ашық дереккөзден

Атырау облысының Жылыой ауданында құны 174 017 800 теңге болатын 79 099 га жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жана-Тан» ЖШС-мен осы санаттағы жер учаскелері игерілмегені және ұзақ уақыт бойы (2020 ж. бері) мақсаты бойынша пайдаланылмағаны анықталды.

“Прокурорлық қадағалау шараларымен аталған кәсіпорын кадастрлық құны 174 017 800 теңге болатын 79 099 га жер учаскесін мемлекетке қайтарды.

Болашақта оны тиімді пайдалану үшін мұқтаж тұлғаларға табысталатын болады”, – делінген хабарламада.