Жеке тұрғын үйде газ жарылды: Алматы облысында 2 адам көз жұмды

Qaz365.kz редакциясы

Бұған дейін олардың ауруханаға жатқызылғаны хабарланған

Фото: Талғар ауданы әкімдігі

Алматы облысындағы Гүлдала ауылындағы үйлерде болған газ жарылысының салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, алған ауыр жарақаттарынан 1991 жылы туған науқас кеше таңертең, ал 2003 жылы туған қыз түнде есін жимаған күйі қайтыс болды.

Айта кетейік, 17 желтоқсанда Алматы маңындағы Гүлдала ауылында жеке үйлерде газ жарылып, төрт адам зардап шекті. Олар ауруханаға жатқызылған еді.