Қазақстандық ауыр атлетші Зульфия Чиншанло спорттан шеттетілді

Qaz365.kz редакциясы

30 жастағы спортшы бұл шешімге шағымдана алады

Фото: confederation.kz

Қазақстандық ауыр атлетші Зульфия Чиншанло допингке қарсы ережелерді бірнеше рет бұзғаны үшін 8 жылға дисквалификация алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

30 жастағы қазақстандық әйел 2022 жылы қанынан табылған анаболикалық стероид метандиенонды қолданғаны үшін қызметінен шеттетілді.

«Ол допингке қарсы ережелерді бірнеше рет бұзғаны үшін сегіз жылға спорттан шеттетілді. 2022 жылы оның денесінен анаболикалық стероидты метандиенонның іздері табылды. Бұған дейін қазақстандық спортшы допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадада алған алтын медалінен айырылған болатын. Айта кетейік, 30 жастағы спортшы бұл шешімге шағымдана алады», – деп жазды Vesti.kz сайты.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшы допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадада алған алтын медалінен айырылған болатын.