Жолаушы жүргізушіні ұрып жіберген: Алматыдағы автобус апатынан 3 адам мерт болды

Qaz365.kz редакциясы

Жантүршігерлік жол апаты

Фото: әлеуметтік желіден

Алматыда автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бүгін, 22.12.202 жылы сағат 18.15-те 47 - ші маршруттағы автобустың жолаушысы жанжал салдарынан есінен танып, көлікті басқарған әйел жүргізушіні ұрған. Ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалған», – делінген Алматы қалалық полиция басқармасының хабарламасында.

Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты.

Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.

Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. 

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сараптама тағайындалды.

Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда.