Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейінде сақтап қалды

Qaz365.kz редакциясы
ҚҰБ баспасөз қызметі

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,75 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шешім инфляцияның Ұлттық Банктің болжамдарына сәйкес келуіне байланысты қабылданды. Ішкі және сыртқы инфляциялық процестер динамикасы, сондай-ақ экономикалық өсу траекториясы Ұлттық Банк болжамының базалық сценарийіне сәйкес қалыптасып келеді. Айлық инфляция біртіндеп баяулап келеді, бірақ ол өзінің орташа жылдық мәндерінен жоғары күйінде қалып отыр. Инфляциялық тәуекелдердің балансы проинфляциялық күйін сақтап қалды, себебі инфляцияның орнықты бөлігі жоғары қалыптасып, инфляциялық күтулер қарқын алды. Логистикалық тізбектердің құрылымдық өзгеруі экономикаға теріс ықпалын тигізіп келеді. Сақталып отырған тәуекелдер базалық мөлшерлемені ұзақ уақыт ішінде ағымдағы мәндерде ұстап тұруды талап етеді.