Қазақстанда 2024 жылдан бастап ең төменгі жалақы өседі

Qaz365.kz редакциясы

Ең төменгі жалақы жаңа әдіспен анықталады

Фото: egemen.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстанда ең төменгі жалақы жаңа әдіспен есептелетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұл әдістеменің негізгі алғышарттары – орташа жалақы мен еңбек өнімділігі қолданылады. Бүгінге дейін болмаған нәрсе. Тиісінше, ЕТЖ Қазақстанда қандай өнімділік, орташа жалақы қандай болатынына байланысты болады», – деді Жақыпова.

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге дейін көтерілетінін еске салды.

«Бұл жұмыс орындалды, республикалық бюджет туралы заңда қаражат көзделген және келесі жылдан бастап ЕТЖ 85 мың болады. Келесі жылы оны әзірлеп, соған сәйкес бірге талқылаймыз. Әзірлеуге серіктестеріміз де қатысады – бұл жұмыс берушілер қауымдастығы, кәсіподақтар, қызметкерлердің өздері», – деді министр.