Назарбаев Әнұран авторлығын сақтай ма?
БАҚ өкілдері Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтан Әнұран авторлығынан экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі алынып тастала ма деп сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Дәл қазір бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ», – деп қысқа қайырды Қошанов.
«Назарбаев Әнұран авторы болуға лайық па?» деген сұраққа:
«Енді кезінде сондай шешім қабылданды ғой», – деп жауап берді спикер.
Ақорда сайтында жазылғандай, елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдалды. Әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді.