ҰҚК Семей тұрғынынан Сақ дәуірінің зергерлік бұйымдарын тәркіледі

Qaz365.kz редакциясы

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тінту барысында аң стилінде орындалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 грам 4 алтын әшекей тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, бірқатар сараптама тағайындалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.