«Бармысың, бауырым?» бағдарламасы ДНҚ қорытындысын жариялады

Qaz365.kz редакциясы

ДНҚ нәтижесі шықты

Фото: Қымбат Досжан парақшасынан

Биологиялық ата-анасын іздеп, Қазақстанға келген бельгиялық қазақ Жәнібекке көмектесіп жүрген жүргізуші Қымбат Досжан бүгін «Қазақ радиосындағы» «Бармысың, бауырым?» бағдарламасында ДНҚ қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бағдарлама редакторлары бұған дейін үш келіншектің біреуі болуы мүмкін екенін айтқан. Олардың арасында «Жазира» есімді әйел ДНҚ тапсырған. Бірақ бағдарламада айтылғандай, ДНҚ қорытындысы сәйкес болмай шықты.

«Маған тас лақтырмаңыздар. Бағдарлама алдында ДНҚ қорытындысын білдім. Бірақ бағдарлама 40 минут шыдауға тура келді. Біз көмектесуге тырысып жатырмыз. Егер Жәнібек келісіп жатса, басқа клиникаға барып, екінші қан арқылы ДНҚ тапсырып көреміз», – дейді жүргізуші Қымбат Досжан.

Өз кезегінде Жәнібек келісімін берді. Енді екінші рет ДНҚ тапсырады.

Қымбат Досжан сонымен қатар ауруханада бала ауысқан болуы мүмкін екенін айтып қалды.

Еске салайық, бұл жас жігіт туралы видеоны алғаш рет Facebook-те журналист Олжас Беркімбаев жариялады. Ол 2002 жылы 17 қаңтарда Арқалықта туғанын, 2004 жылы сол қаладағы балалар үйінен қазіргі бельгиялық отбасы, яғни жалғызбасты анасы асырап алуға алып кеткенін айтты.

Жәнібек қазір Испанияның Мальорка аралында тұрады. Асырап алған отбасы оған еуропаша білім беріп өсірген.

Миграция заңы бойынша ол жақын арада Қазақстаннан кетуі тиіс. Яғни 30 күн ішінде визасы аяқталады.