Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады
Бұзақы жеткізілген тапсырысты қабылдамағаны үшін кофехананың әйнек есігін бірнеше рет тепкілеп, айтарлықтай зақым келтіріп кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Аталған дерек бойынша учаскелік полиция инспекторлары масаң күйде болған 23 жастағы елорда тұрғынын анықтаған.
Оған қатысты ӘҚБтК-нің 147-1 бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік қарастырылып, жиналған материал шешім қабылдау үшін әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.
Алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе мас күйінде қоғамдық орындарға шыққаны үшін құқық бұзушыға ӘҚБтК-нің 440-бабымен хаттама толтырылған.