Бағдат Мусин отставкаға кете ме – министрлік жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Мусин бұл қызметті үш жыл көлемінде атқарып келеді

Фото: gov.kz

Министрліктің баспасөз қызметі Бағдат Мусинге қатысты тараған ақпаратқа қатысты жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин басқа қызметке ауысатыны туралы ақпарат тараған болатын. Осыған қатысты ведомствода ресми жауап берді.

«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі бүгінгі күні өз қызметінде. Таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Мусин бұл қызметке 2020 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалған.