Тоқаев бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Qaz365.kz редакциясы

Тоқаевтың жарлығы

Фото:aqmeshit-aptalygy.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше шенеунікті қызметінен босатты, деп хабарлайды Qaz365.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен:

  • Қайрат Иматұлы Сүнтаев Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан;
  • Ерлан Сапарұлы Оразбай Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан;
  • Мұхамеджан Қадіржанұлы Таласов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Болат Жарқымбайұлы Жорабаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды