Қазақстандықтар 2023 жылы Google-дан қай сөзді көп іздеген

Qaz365.kz редакциясы

Google Trends-тегі танымал сұраулар

Фото: entrepreneur.com

Қазақстан аумағында 2023 жылы Google іздеу жүйесінен «Слово пацана» сөзі ең көп терілген. Бұл туралы Google Trends сараптамалық мәліметтерінен белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Слово пацана» – ресейлік телехикая атауы.

Google Trends-тың биылғы статистикасына сүйенсек, ел аумағында жиі сұрау салынған 5 тақырып ішінде: ауа райы, аударма, Қазақстан, Алматы, русский сөздері бар.

Сондай-ақ сұраулар тізімінде халықтың әлеуметтік, тұрмыстық қызығушылығына байланысты WhatsApp Web, дайын үй тапсырма жауаптары, видео, Слово пацана, Кровь на асфальте, Зимородок,  OLX, Одноклассники, Wildberries, пиндуодуо, 2023 жылғы 1 айлық есептік көрсеткіш (МРП) тіркестері де жиі қаралған.

Әлем бойынша танымал сұраулар ішінде биыл Газа секторындағы соғыс туралы ақпарат алдыңғы орында. Одан кейін «Титан» батискафы апаты, Түркиядағы жер сілкінісі, «Хилари» мен «Идалия» дауылдары туралы іздеулер тұр.