Мемлекет басшысының көлемді сұхбаты шықты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» басылымына көлемді сұхбат берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мемлекет басшысы сұхбатында өңірлерге іссапарында өзін сән-салтанатпен күтіп алуға, той-думан мен аста-төк дастарқан жаюға тыйым салғанын айтты.
«Президент ретінде алғаш рет ел аралауға шыққанымда, әкімдер салтанатты шаралар ұйымдастыруға, көл-көсір дастарқан жаюға, билбордтар орнатуға тырысты. Қазір мұның бәрі тыйылды. Мен облыстарға жұмыс бабымен ғана барамын. Уақыт өте келе жергілікті жерлерде де осындай жұмыс дағдысы қалыптасатынына сенімдімін. Халықты жинап, қыруар қаржы шығындап, салтанатты шаралар ұйымдастыру біржола тоқтатылады», – деді Президент.