Бір топ бозбала кездесіп, төбелескен
Ақтөбедегі жаппай төбелестен кейін 2 жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Олар алдымен Instagram желісі арқылы бір-бірімен сөзге келіп, кейін кездескен. Сол кезде төбелесіп, екеуі ауруханада қайтыс болды.
Оқиға 2 қаңтардан 3 қаңтарға қараған түні болған.
Бір топ бозбала кездесіп, төбелескен. Төрт адам пышақ жарақатын алып, ауруханаға түсті. Салдарынан 2006 жылы туған екі жасөспірім жансақтау бөлімінде көз жұмды.
«Жанжал Instagram әлеуметтік желісіндегі қақтығыстан басталған. Содан кейін олар кездесіп, талқылауға келіскен. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.