«Алматыэлектротранстың» бұрынғы басшысына іздеу жарияланды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының баспасөз қызметі мәлімдеді

«Алматыэлектротранс» компаниясының бұрынғы директоры Берікхан Мырзакәрімовке іздеу жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

«Экс-басшысын Қаржылық мониторинг агенттігі іздеп жатыр. Оған іздеу 2023 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған», – делінген хабарламада. 

Іздестіруді Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр.