Ақтауда көпқабатты үйдің терезесінен ер адамның үстіне диван құлаған

Qaz365.kz редакциясы
zakon.kz

Ақтау қаласының 39 жастағы тұрғынының үстіне көпқабатты үйдің терезесінен диван құлап кетті. Ер адам ауыр жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, жәбірленуші сал болып қалған.

"Дәрігерлер оған мойын омыртқасының сынуы, жұлынның ауыр жарақаты деген диагноз қойды", - деп түсіндірді аурухананың баспасөз қызметі.

Inaktau.kz сайтының хабарлауынша, ауруханаға түскен ер адамның туыстары оқиғаның куәгерлерін іздеп жатыр. Жәбірленушінің ағасының айтуынша, 11 қаңтар күні күндіз, болжам бойынша, 11-шағынаудандағы үйлердің бірінің алтыншы қабатындағы терезеден диванның бұрышы ер адамның үстіне құлаған. Туыстары жасөспірімдер кінәлі болуы мүмкін деп отыр. Диван 6-қабаттағы терезеден лақтырылған.

Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

"Аталмыш факті ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы (Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру) бойынша Ақтау қаласы Ішкі істер басқармасы Төтенше жағдайлар комитетіне тіркелді", – деді Маңғыстау облысының Полиция департаментінен.