Алматыда әкімнің орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

Qaz365.kz редакциясы

Бұған дейін базар сатушылары Жетісу ауданының әкімін рейдерлік жасады деп айыптаған болатын

Видеодан скриншот

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

«Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Сома мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған», – делінген ведомство хабарламасында.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Еске салайық, бұған дейін базар сатушылары Жетісу ауданының әкімін рейдерлік жасады деп айыптаған болатын.