Олар кеше қаладағы Республика алаңына пикетке шыққан
Алматыда «Oyan, Qazaqstan!» қозғалысының үш белсендісі 15 күнге қамалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Алматы әкімшілік соты «Oyan, Qazaqstan!» қозғалысының белсенділері Ақмарал Жәкібаеваны, Темірлан Еңсебек пен Айсұлтан Құдайбергенге 15 күнге қамауға алу туралы шешім шығарды. Олар кеше қаладағы Республика алаңына пикетке шыққан. Сол арқылы бұған дейін қамалған Бота Шәріпжан, Равкат Мұхтаров пен Жәнел Шаханға қолдау көрсеткен.
Айта кетейік, Алматыда Тәуелсіздік күні белсенділердің пикеті өткен болатын. Онда белсенділер Қаңтар оқиғасы кезінде атылған Айкөркем Мелдехан бейнеленген транспаратпен келген еді.