Ол әлеуметтік желілерді пайдаланған
Қарағандыда әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттады деген күдікпен ер адам ұсталды. Оны ұстау шарасын ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен өткізген, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ұстау шарасы 2024 жылғы 3 қаңтарда өткен. Ер адам жұмыс орнында және әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген.
«Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген ҰҚК хабарламасында.
Ведомстводағылар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін ескертті.