Жетісу облысында көпбалалы ана өз-өзіне қол салды

Qaz365.kz редакциясы

Полиция іс қозғады

Фото: elements.envato.com

Жетісу облысында көпбалалы ана өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайғылы оқиға туралы 3 қаңтарда журналист Сандуғаш Дүйсенова әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның жазуынша, 35 жастағы Балжан Өзбекованы 28 желтоқсанда кешке құрбысы ауруханаға жеткізген.

«Ақсу ауданы орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде әйел «аспирин» дәрісінің 10 қорабын ішіп, бір күннен кейін қайтыс болғанын айтты», – деп жазды журналист.

Жетісу облыстық полиция департаменті оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Іс бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.